Қолдау қызметімен қарым-қатынас стандарттары
1. Сыпайы әрі құрметпен сөйлесіңіз.
Әңгімені сәлемдесуден бастап, алғыс білдірумен аяқтаңыз. «Өтінемін», «рақмет» сияқты сыпайы сөздерді қолданыңыз.
2. Сұрағыңызды нақты әрі түсінікті баяндаңыз.
Мәселені неғұрлым анық сипаттасаңыз, EasyTap маманы соғұрлым тезірек шешім ұсына алады.
3. Бірнеше қысқа хабарламаның орнына бір толық хабарлама жазыңыз.
Жағдайды толық әрі жүйелі сипаттау операторға мәселені бірден түсініп, уақытыңызды үнемдеуге көмектеседі.
4. Бейәдеп сөздерді қолданбаңыз.
Қорлау мен дөрекілікке жол берілмейді. Қарым-қатынас өзара құрмет аясында болған жағдайда, қолдау қызметі әрқашан көмектесуге дайын.
5. Сабыр сақтаңыз.
Жағымсыз жағдайға тап болсаңыз да, сабырмен сөйлесуге тырысыңыз. Бұл мәселенің шешімін тезірек табуға көмектеседі.
6. Қызметкерлерден сервис ережелерін бұзуды сұрамаңыз.
Қолдау қызметінің мамандары EasyTap-тың ішкі ережелерін қатаң сақтайды және олардан тыс әрекет ете алмайды.
7. Тек қажетті материалдарды жіберіңіз.
Егер қолдау қызметі фото, скриншот немесе экран жазбасын сұраса, тек жағдайыңызға қатысты материалдарды жіберіңіз.
8. Экранның ар жағында да адам отырғанын ұмытпаңыз.
Қолдау қызметінің мамандары сізге барынша жылдам әрі сапалы көмектесуге тырысады. Мәселенің қаншалықты тез шешілетіні сіздің сыпайылығыңыз бен ақпаратты нақты жеткізуіңізге де байланысты.