
Қараша, 2021
Компанияның құрылуы

EasyTap миссиясы
Таймлайн

Қараша, 2021
Компанияның құрылуы

Қараша, 2021
Алғашқы орындаушы қосымша жұмысқа шықты

Ақпан, 2022
Мобильді қосымшаның алғашқы нұсқасын іске қостық

Қыркүйек, 2022
Digital Bridge 2022 байқауында жеңдік

Тамыз, 2023
Тіркелген пайдаланушылар саны 100 000 адамға жетті

Қараша, 2023
Қырғызстанда іске қосылдық

Қараша, 2023
The Steppe Awards аясында The Best IT Project 2023 номинациясын жеңіп алдық

Мамыр, 2024
Өзбекстанда іске қосылдық

Желтоқсан, 2024
Серіктестер саны Орталық Азияда 150+ компанияға жетті

Қаңтар, 2025
EasyTap Қазақстан Республикасының платформалық жұмыспен қамту операторы болды
Команда

EasyTap қосымша жұмыс нарығын ашық етіп, еңбек мәдениетін өзгертуде. Біз бизнес пен орындаушыларды байланыстырып, ескі және жаңа нарық арасында көпір саламыз. Адамдар өз уақытын бағалайды, ал компаниялар икемді жұмысқа көшуде. Бұл — тек бастамасы.
Магзум Толеш
Негізін қалаушы

EasyTap — бұл сенің еңбегің шынайы сезілетін компания. Әрбір экран, әрбір шешім ауысымға шығып, еңбегі үшін ақы алатын мыңдаған адамның қолында өмір сүреді. Бұған өз үлесімді қосып отырғанымды түсіну — көбірек әрі жақсырақ жасауға үлкен мотивация береді.
Шахида Закирова
CPO

Е-commerce және финтех компанияларында жұмыс істеп, жоғары қарқын мен стандарттарға үйрендім. Бірақ нағыз драйв пен нәтижеге ықпал етуді EasyTap-та сезіндім. Мұнда әр пікір маңызды, ал өз үлесіңнің компанияның нарықтағы позициясын қалай нығайтатынын көресің.
Маргарита Абдурахманова
Бизнес дамуы жөніндегі жетекші

Мен EasyTap-қа келген кезде, бізде қызметкерлерді іздеуді қарапайым әрі ашық ету идеясы болды. Бүгінде бұл шындыққа айналды. Бизнес пен адамдардың бір-бірін табуына көмектесетін команданың бастауында тұрғанымды мақтан тұтамын. Біз бірге өсеміз, идеяларымызбен бөлісеміз және олардың нақты нәтижеге айналғанын көреміз. Кейде біз жай ғана компания емес, тұтас бір экожүйе құрып жатқандай сезіледі.
Хусам Мамадалиев
Коммерциялық директор

EasyTap-та жұмыс істеу — бұл тұрақты даму және өнімге шын мәнінде әсер етіп жатқаныңды сезіну. Мұнда бастама бағаланады, жаңа нәрселерді сынауға еркіндік беріледі. Күн сайын өзіме деген сенімділігімді арттырып, үйреніп, мықты командамен бірге алға жылжып келе жатқанымды сезінемін.
Алуа Нурахова
CMO

EasyTap-та бәрі қарапайым: жақсы адамдар, түсінікті мақсаттар және жағымды атмосфера. Кеше алғашқы қосымша жұмысын іздеген жігіттердің бүгін тұрақты жұмыс істеп, сонымен мақтанып жүргенін көру ерекше қуантады.
Мадина Алмембетова
Аккаунт-менеджер

Мұндағы жұмыс — тек сандар мен графиктер туралы емес, бұл адамдар туралы. Бұл елдегі еңбек нарығына ықпал ету және біздің шешімдеріміздің арқасында мыңдаған адамның жұмыс пен тұрақтылық тапқанын көру мүмкіндігі. Бұл мені күн сайын шабыттандырады.
Дамира Уинжанова
Өнім аналитигі

EasyTap-та бәрінің жұмысқа жауапкершілікпен әрі белсенді қарайтыны ұнайды. Мұнда процесті толық ішінен көріп, компанияның қалай құрылатынын және әр тапсырманың не үшін орындалатынын түсінесің. Бұл жай ғана жұмыс істеп жүргендей емес, ортақ іске шынайы үлес қосып жатқаныңды сездіреді.
Дильназ Сейтказы
Бэк-офис менеджер

EasyTap-та мен қосымшаның фронтенд бөлігімен жұмыс істеймін, бұл әрдайым сергек күйде ұстауға көмектеседі — әр жаңарту пайдаланушыларға бірден көрінеді. Өз еңбегім өнімді ыңғайлы әрі жылдам ететінін сезіну өте керемет.
Кобыланды Пуланбеков
Фронтенд әзірлеуші

EasyTap-та әзірлеуші ретінде жұмыс істеу маған кәсіби тұрғыдан үлкен серпіліс берді. Мұнда әр күн — жаңа технологиялар мен идеяларды сынап көруге берілетін мүмкіндік. Командадағы атмосфера өте жылы, ал әріптестермен бірге күрделі міндеттерді шешу — нағыз шабыт көзі.
Кайырхан Идрис
Бэкенд әзірлеуші

EasyTap-та біз жай ғана «код жазбаймыз» — әр функцияның қалай жұмыс істеуі керегін және қай шешім ең тиімді болатынын бірге ойластырамыз. Соның арқасында тек бэкенд ретінде емес, өнімді түсінетін инженер ретінде де дамисың.
Кайсар Нурсултан
Бэкенд әзірлеуші

EasyTap-та жұмыс істеу маған кәсіби де, шығармашылық тұрғыда да өсуге мүмкіндік берді. Күн сайын жаңа идеялар ойлап тауып, түрлі форматтарды сынап, олардың адамдарға қалай көмектесетінін көріп отырмыз. Дәл осының өзі мұндағы жұмысты шын мәнінде құнды етеді.
Далида Изтай
СММ менеджер

EasyTap-та мен процестерге ықпал ете алатынымды және шешімдерімнің нәтижесін нақты уақыт режимінде көре алатынымды сезіндім. Мұнда жауапкершілік пен жылдамдық бағаланады, ал команда тез бейімделу немесе жаңа шешім табу қажет болғанда әрдайым қолдау көрсетеді.
Мадина Мукатай
Операциялық менеджер, Қазақстан

EasyTap-та күн сайын пайдаланушылармен жұмыс істеймін және сервисіміздің адамдарға қосымша жұмыс тауып, табыс табуына нақты көмектесіп жатқанын көремін. Бұл жай ғана «тапсырма орындап жүргендей» емес, пайдалы іс жасап жатқандай сезім береді.
Дильназ Сабитова
Операциялық менеджер, Қазақстан

Маған EasyTap-тың миссиясы ұнайды — «Жұмысты қолжетімді ете отырып, өмір сапасын жақсарту». Біз адамдар үшін мүмкіндіктер жасап, бизнестің дамуына көмектесеміз. Ірі компаниялардағы тәжірибеден кейін стартапта шешімдердің тез қабылданып, нәтижесінің бірден көрінетінін ерекше бағалаймын.
Данияр Толеш
Аймақтық директор, Қырғызстан

«Бизнес — бұл адамдар» деген сөзбен келісемін. Жұмыста өзімді адамдарға көмектесетін «суперқаһарман» сияқты сезінемін. EasyTap-та күн сайын жаңа білім алып, жинаған тәжірибемнің нақты нәтиже беріп жатқанын көріп жүрмін. Мұның бәрі қолдайтын, үйрететін және әрдайым жанымда болатын керемет команданың арқасы.
Бекметова Ширин
Операциялық менеджер, Өзбекстан
Жаңалықтар

16.11.2022
tengrinews.kz сайтынан оқу

24.01.2023
digitalbusiness.kz сайтынан оқу

26.01.2024
forbes.kz сайтынан оқу

12.06.2025
digitalbusiness.kz - тен оқу

12.12.2025
digitalbusiness.kz-тен оқу